Бүгін, 15 қазанда алматылық "Қайрат" Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы тур аясында сырт алаңда "Рига" клубымен кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.
Латвиялық және қазақстандық клубтар арасындағы матч "Сконто" стадионында өтеді. Қазақстан уақытымен ойын 21:45-те басталады. Кездесудің тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасында көрсетіліп, эфир 21:35-те басталады. Сондай-ақ матчты телеарнаның ресми сайтынан тамашалауға болады.
Айта кетейік, "Қайрат" жалпы кезеңде "Ригадан" бөлек, Грекияның "Панатинаикос", Италияның "Аталанта", Швецияның "Мьельбю", Румынияның "Университатя Крайова" және Нидерландтың "Твенте" клубтарымен де ойнайды.