Футбол
Бүгін 12:52
 

Бүгін "Қайрат" қатысатын Конференция лигасы жалпы кезеңінің жеребесі тартылады

  Пікірлер

blog.share

Бүгін "Қайрат" қатысатын Конференция лигасы жалпы кезеңінің жеребесі тартылады ©"Қайрат" ФК

Бүгін, 28 тамызда Алматының "Қайрат" клубының қатысуымен өтетін Конференция лигасы жалпы кезеңінің жеребе тартылады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бүгін, 28 тамызда Алматының "Қайрат" клубының қатысуымен өтетін Конференция лигасы жалпы кезеңінің жеребе тартылады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Еуропа лигасы мен Конференция лигасының жалпы кезеңіне арналған жеребенің тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасында көрсетіледі. Эфир сағат 16:00-де басталады.

Алматылық клуб жалпы кезеңнің жеребесі алдында төртінші шоғырда орын алды.

Конференция лигасының жалпы кезеңі жеребесі алдындағы шоғырлар:

1-шоғыр: "Аталанта" (Италия), "Брага" (Португалия), "Аякс" (Нидерланд), "Фрайбург" (Германия), "Монако" (Франция), "Копенгаген" (Дания).

2-шоғыр: "Мидтьюлланн" (Дания), "Црвена Звезда" (Сербия), "Гент" (Бельгия), "Панатинаикос" (Грекия), "Пафос" (Кипр), "Брайтон" (Англия).

3-шоғыр: "Лугано" (Швейцария), "Хетафе" (Испания), "Твенте" (Нидерланд), КуПС (Финляндия), "Борац" Б-Л (Босния және Герцеговина), "Сент-Труйден" (Бельгия).

4-шоғыр: "Линкольн" (Гибралтар), "Бранн" (Норвегия), "Хартс" (Шотландия), "Қайрат" (Қазақстан), "Трабзонспор" (Түркия), "Университатя" (Румыния).

5-шоғыр: "Рига" (Латвия), "Хайдук" (Хорватия), "Яблонец" (Чехия), "Нордшелланн" (Дания), "Интер Клуб Эскальдес" (Андорра), "Орхус" (Дания).

6-шоғыр: "Тун" (Швейцария), ЦСКА (Болгария), "Жальгирис" (Литва), "Мьельбю" (Дания), "Иберия 1999" (Грузия), "Эгнатия" (Албания).

Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы тур 15 қазанда өтеді. Ал алтыншы, яғни соңғы тур 17 желтоқсанға жоспарланған.

"Қайрат" Еуропа лигасынан шығып қалғаннан кейін УЕФА-ның үшінші деңгейлі турниріне жолдама алды.

Алматылық клуб үшін бұл Конференция лигасының жалпы кезеңіне тарихында екінші рет шығуы болмақ. Бұған дейін "Қайрат" аталған кезеңде 2021/22 жылғы маусымда өнер көрсеткен.

Еске салайық, "сары-қаралар" биылғы еурокубок маусымын Чемпиондар лигасынан бастады. Рафаэль Уразбахтин шәкірттері Черногорияның "Сутьескасы" мен Кипрдің "Омониясынан" басым түсті. Алайда Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде алматылықтар болгариялық "Левскиден" жеңілді. Ал Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде "Қайрат" бельгиялық "Андерлехтке" жол берді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!