Футбол
Бүгін 14:53

Бүгін "Қайрат" Еуропа лигасында "Андерлехтпен" ойнайды

©"Қайрат" ФК

Бүгін, 20 тамызда алматылық "Қайрат" Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде бельгиялық "Андерлехтпен" кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын турнирдің плей-офф кезеңі аясында Алматыда өтеді. Екі команда үшін бұл бір-бірімен алғашқы кездесуі. Қарымта матч 27 тамызда Брюссельде ұйымдастырылады.

Алматыдағы матч сағат 20:00-де басталады. Кездесудің тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді. Эфир сағат 19:50-де басталады.

Еске салайық, "Қайрат" жарыс жолын Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінен бастады. Рафаэль Уразбахтин шәкірттері Черногорияның "Сутьескасы" мен Кипрдің "Омониясынан" ұтты. Үшінші кезеңде алматылық команда Болгарияның "Левскиімен" өткен екі ойынның қорытындысы бойынша турнирден шығып қалды.

Алайда алматылық клуб кем дегенде Конференция лигасының жалпы кезеңіне қатысуға мүмкіндік алды.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport