Бүгін, 12 тамызда Словакия астанасы Братислава қаласында "Слован" мен алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің қарымта матчін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Еске салайық, бірінші ойында Рафаэль Уразбахтин баптайтын қазақстандық команда 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Жеңіс голын 90-минутта 11 метрлік пенальтиден 16 жастағы шабуылшы Дастан Сәтбаев соқты.
Енді қарымта кездесу "Слованның" өз алаңында - "Тегельне поле" стадионында өтеді. Ойынның басталуы Қазақстан уақытымен 23:15. Жанкүйерлер матчты Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көре алады.
Екі кездесудің жеңімпазы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өтеді және Шотландияның "Селтик" клубына қарсы ойнайды. Жеңілген команда Еуропа лигасындағы жолын жалғастырып, Швейцарияның "Янг Бойз" клубымен кездеседі.