Футбол
12 тамыз 09:52
 

Бүгін "Қайрат" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өтуге тырысады

  Пікірлер

blog.share

Бүгін "Қайрат" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өтуге тырысады ©"Қайрат" ФК

Бүгін, 12 тамызда Словакия астанасы Братислава қаласында "Слован" мен алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің қарымта матчін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бүгін, 12 тамызда Словакия астанасы Братислава қаласында "Слован" мен алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің қарымта матчін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, бірінші ойында Рафаэль Уразбахтин баптайтын қазақстандық команда 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Жеңіс голын 90-минутта 11 метрлік пенальтиден 16 жастағы шабуылшы Дастан Сәтбаев соқты.

Енді қарымта кездесу "Слованның" өз алаңында - "Тегельне поле" стадионында өтеді. Ойынның басталуы Қазақстан уақытымен 23:15. Жанкүйерлер матчты Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көре алады.

Екі кездесудің жеңімпазы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өтеді және Шотландияның "Селтик" клубына қарсы ойнайды. Жеңілген команда Еуропа лигасындағы жолын жалғастырып, Швейцарияның "Янг Бойз" клубымен кездеседі.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!