Футбол
Бүгін 11:40

Бүгін "Қайрат" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде бірінші матчін өткізеді

©"Қайрат" АФК

Бүгін, 23 қарашада алматылық "Қайрат" футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясындағы алғашқы матчта Польшаның "Пяст" клубымен кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.

Матч Гливице қаласында өтіп, Астана уақытымен сағат 23:00-де басталады. Кездесуді Sport+ телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Қарымта ойын 4 желтоқсанда Алматыда өтеді.

Бұл кезеңде Қазақстанның тағы бір өкілі – "Семей" де өнер көрсетеді. Команда 24 қарашада және 5 желтоқсанда украиналық "Атлетик" клубымен кездеседі.

Еске салайық, негізгі кезеңнің қорытындысы бойынша плей-оффқа шыққан 16 команда анықталды. 1/8 және 1/4 финалдағы қарсылас командалар екі матчтан өткізеді. Ал плей-офф кезеңі дәстүрлі финалдық турнирмен аяқталады. Ол 2027 жылдың 7 және 9 мамырында Швейцариядағы "Биль/Бьен Аренада" өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport