Бүгін, 8 шілдеде алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчында черногориялық "Сутьескамен" ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу Алматыда өтіп, Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады. Матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, трансляция арнаның ресми сайтында да қолжетімді болады.
Қарымта кездесу 16 шілдеде Черногорияда өтеді.
Айта кетейік, бұл командалар бұған дейін бір-бірімен кездеспеген.
Егер "Қайрат" "Сутьесканы" ұтса, онда кем дегенде Конференциялар лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңіне қатыса алады. Ал алматылық клуб осы қарсыласынан өте алмаса, Чемпиондар лигасындағы жорығын аяқтап, Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіне түседі. Бұл жағдайда команда Еуропа лигасына жолдама алу мүмкіндігінен айырылады.