Бүгін, 22 шілдеде алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасы-2026/27 маусымының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчын Кипрдің "Омония" клубына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу Кипр астанасы Никосия қаласында өтеді. Матч Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.
Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ трансляция арнаның ресми сайтында да қолжетімді болады.
Қарымта кездесу 29 шілдеде Алматыда өтіп, Астана уақытымен 20:00-де басталады.
Бұл жұптың жеңімпазы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Болгарияның "Левски" және Румынияның "Университатя Крайова" клубтары арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Еске салайық, Кипр чемпионы "Омония" турнирдегі жолын екінші іріктеу кезеңінен бастайды. Ал "Қайрат" алғашқы кезеңде Черногорияның "Сутьеска" клубын екі матчтың қорытындысы бойынша 2:1 және 2:0 есептерімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алған болатын.
Жарнама