Жарнама

Футбол
Бүгін 13:58
 

Бүгін "Қайрат" Чемпиондар лигасында "Левскимен" қарымта өткізеді

  Пікірлер

blog.share

Бүгін "Қайрат" Чемпиондар лигасында "Левскимен" қарымта өткізеді ©"Қайрат" ФК

Бүгін, 11 тамызда алматылық "Қайрат" УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі үшінші раундтың қарымта матчында болгариялық "Левскимен" кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бүгін, 11 тамызда алматылық "Қайрат" УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі үшінші раундтың қарымта матчында болгариялық "Левскимен" кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.

Матчты қайдан және қашан көруге болады?

Кездесу Түркістандағы "Түркістан Арена" стадионында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 20:00-де басталады.

Қарымта ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция ойын басталуына 10 минут қалғанда, яғни 19:50-де басталады.

"Қайрат" жеңілістің есесін қайыру керек

Командалар арасындағы бірінші кездесу Софияда өтіп, "Левски" 1:0 есебімен ұтқан болатын. Болгариялық клубқа 92-минутта соғылған жалғыз гол қарымта матч алдында маңызды басымдық берді.

Енді "Қайрат" кем дегенде бір доп айырмасын жоюы керек. Бұл жағдайда екі матчтың жалпы есебі теңеседі. Ал екі немесе одан да көп доп айырмасымен жеңіске жетсе, алматылық клуб келесі кезеңге тікелей жолдама алады.

Жеңімпаз кіммен ойнайды?

"Қайрат" – "Левски" арасындағы екі матчтың қорытындысы бойынша жеңімпаз Чемпиондар лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңіне өтеді.

Бұл кезеңде жеңімпаздың қарсыласы Грекияның афиналық АЕК клубы болады.
 
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!