1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 10:59
 

Бүгін "Қайрат" Чемпиондар лигасында қарымта матчін өткізеді

  Пікірлер

blog.share

Бүгін "Қайрат" Чемпиондар лигасында қарымта матчін өткізеді ©instagram.com/afckairat

Бүгін, 7 наурызға қараған түні алматылық "Қайрат" футзал клубы Чемпиондар лигасының 1/4 финалындағы қарымта матчта Испанияның "Картахена" командасымен кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бүгін, 7 наурызға қараған түні алматылық "Қайрат" футзал клубы Чемпиондар лигасының 1/4 финалындағы қарымта матчта Испанияның "Картахена" командасымен кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Испанияда өтеді және Қазақстан уақытымен 00:30-да басталады. Матчтың тікелей трансляциясы Qazaqstan телеарнасынан көрсетіледі. Эфир 00:20-да басталады.

Еске салайық, Алматыда өткен алғашқы матчта испаниялық клуб 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, футзалдан биылғы Чемпиондар лигасында Қазақстан атынан тағы бір клуб - "Семей" өнер көрсетіп жатыр. Бүгін қазақстандық команда 1/4 финалдың қарымта матчында өз алаңында франциялық "Этуаль" клубымен кездеседі. Алғашқы ойында "Семей" 5:4 есебімен ұтылған еді.

Турнирдің финалдық кезеңі 8–10 мамыр аралығында Италияның Пезаро қаласында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!