Бүгін, 20 қаңтарда алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі 7-тур аясында бельгиялық «Брюггемен» кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.
Матчты қайдан тамашалауға болады
Кездесу Қазақстан астанасындағы «Астана Арена» стадионында өтеді және 20:30-да (жергілікті уақыт) басталады. Ойынды Qazaqstan телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, матчты телеарнаның ресми сайтынан онлайн тамашалауға болады.
ФНК ұсынған статистикалық деректер
«Қайрат» бұған дейін Бельгия клубтарымен кездеспеген;
«Брюгге» Қазақстан командаларына қарсы алғаш рет ойнайды;
«Брюгге» Чемпиондар лигасындағы 150-матчын өткізеді;
«Қайраттың» еурокубоктардың жалпы кезеңіндегі соңғы 12 матчта жеңісі жоқ;
«Брюггенің» Чемпиондар лигасындағы соңғы бес ойынында төрт тең нәтиже және бір жеңіліс тіркелген;
«Брюгге» биылғы маусымдағы Чемпиондар лигасында қонақтағы үш матчтың бәрінде ұтылды.
Командалардың турнирлік жағдайы
Алты турдан кейін «Қайрат» 1 ұпаймен жалпы кезеңнің турнирлік кестесінде 36-орында тұр. Ал «Брюггенің» еншісінде 4 ұпай бар және бельгиялық клуб 30-орынға жайғасқан.
Жарнама