Бүгін, 29 қаңтарға қараған түні алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі сегізінші, қорытынды тур аясында сырт алаңда лондондық "Арсеналмен" ойынайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Арсенал" - "Қайрат" матчын қайдан тамашалауға болады?
Кездесу Лондондағы "Эмирейтс" стадионында өтеді және Қазақстан уақытымен 01:00-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясын Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ, арнаның ресми сайтынан көруге болады.
ФНК ұсынған статистикалық дерек
"Арсенал" Чемпиондар лигасындағы жеті матчтың жетеуінде де жеңіске жетті;Бұған дейін бірде-бір команда ЛЧ-ның жалпы кезеңінде сегіз матчтың барлығында жеңіске жеткен емес;"Арсенал" еурокубоктарда алғаш рет жеті матч қатарынан жеңіске жетіп отыр;"Арсенал" ЛЧ-ның жалпы кезеңінде қатарынан 11 жеңіске қол жеткізді;"Қайрат" соңғы 10 еурокубоктық матчта бірде-бір жеңіске жете алмады;"Арсенал" демалыс күндері Англия Премьер-лигасында өз алаңында "Манчестер Юнайтедтен" 2:3 есебімен ұтылды;"Қайрат" 2026 жылғы жалғыз матчында "Брюггеден" 1:4 есебімен жеңілді.Командалардың турнирлік жағдайыБұл кездесуге "зеңбірекшілер" жеті турдан кейін 21 ұпаймен турнир кестесінің жекелеген көшбасшысы ретінде келіп отыр. "Арсенал" 1/16 финал кезеңін айналып өтіп, плей-оффқа тікелей жолдама алды.Ал алматылықтар 36 команданың ішінде соңғы орында тұр. Олардың еншісінде небәрі бір ұпай және турнирдегі ең нашар доп айырмасы (-14). Осылайша, "Қайрат" маусымның екінші бөлігінде жалғасатын басты еурокубоктағы топ-24 қатарына кіру мүмкіндігінен айырылды.