1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
28 қаңтар 09:25
 

Бүгін "Қайрат" Арсеналға қарсы ЧЛ-дегі соңғы матчін өткізеді. Матчқа тікелей трансляция

  Пікірлер

blog.share

Бүгін "Қайрат" Арсеналға қарсы ЧЛ-дегі соңғы матчін өткізеді. Матчқа тікелей трансляция ©"Қайрат" ФК

Бүгін, 29 қаңтарға қараған түні алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі сегізінші, қорытынды тур аясында сырт алаңда лондондық "Арсеналмен" ойынайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бүгін, 29 қаңтарға қараған түні алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі сегізінші, қорытынды тур аясында сырт алаңда лондондық "Арсеналмен" ойынайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Арсенал" - "Қайрат" матчын қайдан тамашалауға болады?

Кездесу Лондондағы "Эмирейтс" стадионында өтеді және Қазақстан уақытымен 01:00-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясын Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ, арнаның ресми сайтынан көруге болады.

ФНК ұсынған статистикалық дерек

  • "Арсенал" Чемпиондар лигасындағы жеті матчтың жетеуінде де жеңіске жетті;
  • Бұған дейін бірде-бір команда ЛЧ-ның жалпы кезеңінде сегіз матчтың барлығында жеңіске жеткен емес;
  • "Арсенал" еурокубоктарда алғаш рет жеті матч қатарынан жеңіске жетіп отыр;
  • "Арсенал" ЛЧ-ның жалпы кезеңінде қатарынан 11 жеңіске қол жеткізді;
  • "Қайрат" соңғы 10 еурокубоктық матчта бірде-бір жеңіске жете алмады;
  • "Арсенал" демалыс күндері Англия Премьер-лигасында өз алаңында "Манчестер Юнайтедтен" 2:3 есебімен ұтылды;
  • "Қайрат" 2026 жылғы жалғыз матчында "Брюггеден" 1:4 есебімен жеңілді.
  • Командалардың турнирлік жағдайы
  • Бұл кездесуге "зеңбірекшілер" жеті турдан кейін 21 ұпаймен турнир кестесінің жекелеген көшбасшысы ретінде келіп отыр. "Арсенал" 1/16 финал кезеңін айналып өтіп, плей-оффқа тікелей жолдама алды.

Ал алматылықтар 36 команданың ішінде соңғы орында тұр. Олардың еншісінде небәрі бір ұпай және турнирдегі ең нашар доп айырмасы (-14). Осылайша, "Қайрат" маусымның екінші бөлігінде жалғасатын басты еурокубоктағы топ-24 қатарына кіру мүмкіндігінен айырылды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!