Бүгін, 16 қазанға қараған түні Испанияның "Сельта" және Италияның "Ювентус" клубтары Еуропа лигасының жалпы кезеңіндегі екінші тур аясында кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.
Матч Испанияның Виго қаласында өтеді. Қазақстан уақытымен ойын 00:00-де басталады. Кездесудің тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасында көрсетіледі, эфир 23:50-де басталады.
"Ювентус" алғашқы турда Нидерландтың "НЕК Неймеген" клубын 5:0 есебімен ойсырата жеңіп, Еуропа лигасының жалпы кезеңіндегі турнир кестесінде көш бастап тұр.
Ал "Сельта" алғашқы турда Кипрдің "Омония" клубына есе жіберді - 0:1. Қазіргі таңда испаниялық команда 36 клубтың арасында 26-орында тұр.