1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
26 қазан 13:58
 

Бүгін – "Эль класико"! "Реал" – "Барса" ойынын қайдан көруге болады?

  Пікірлер

blog.share

Бүгін – "Эль класико"! "Реал" – "Барса" ойынын қайдан көруге болады? ©x.com/FCBarcelona

Бүгін Испания Ла Лигасында жанкүйерлер көптен күткен матч өтеді. Мадридте "Реал" мен "Барселона" клубтары кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бүгін Испания Ла Лигасында жанкүйерлер көптен күткен матч өтеді. Мадридте "Реал" мен "Барселона" клубтары кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қайда және қашан өтеді:

10-турдың матчы Мадридтегі «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтеді және Астана уақытымен 20:15-те басталады. Кездесуді төреші Сесар Сото Градо басқаратын болады. Тікелей эфир ойын басталар алдында осы сілтемеде жарияланады.

Турнир кестесі:

Қазір «Реал» 24 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр. Ал «Барселона» 2 ұпайға артта қалып, екінші орында келеді.

Кездесулер тарихы:

Командалар бұған дейін 254 рет кездескен. Сол матчтардың ішінде «Реалдың» еншісінде – 105 жеңіс, «Барселонаның» — 101 жеңіс, тағы 48 кездесу тең аяқталған.

Ла Лига аясындағы Мадридтегі ойындарда да артықшылық алаң иелерінің жағында: 56 жеңіс, 24 жеңіліс және 15 тең нәтиже.

Бапкерлер туралы:

Бұл матч Хаби Алонсо үшін «Реалдың» бас бапкері ретіндегі алғашқы эль-классико болмақ.
Ал Ханс-Дитер Флик, «Барселонаның» тізгінін ұстаған неміс маман, бұған дейін «Реалға» қарсы төрт ойын өткізіп, бәрінде де жеңіске жеткен.

Бұған дейін басылымдар «Реалдың» киім ауыстыру бөлмесінде Джуд Беллингемнің «Барселонаға» қарсы матчқа шығуына қарсы болғандар бар екенін хабарлаған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!