Футбол
5 қараша 13:32

Бүгін Чемпиондар лигасының 4-тур ойындары басталады

©sport.ua

Бүгін футболдан Еуропаның басты бәсекесі саналатын Чемпиондар лигасының 4-тур ойындары басталады.

4-турдың бірінші күні 9 ойын өтеді. Жанкүйерлер асыға күтетін ойындар "Ливерпуль" (Англия) — "Байер" (Германия), "Реал" (Испания) — "Милан" (Италия) және "Спортинг" (Португалия) — "Манчестер Сити" (Англия) клубтары арасында өтеді. 

Ойындар кестесі:

22:45. ПСВ (Нидерланд) — "Жирона" (Испания);
22:45. "Слован" (Словакия) — "Динамо" Загреб (Хорватия);
01:00. "Болонья" (Италия) — "Монако" (Франция);
01:00. "Селтик" (Шотландия) — "РБ Лейпциг" (Германия);
01:00. "Боруссия" Дортмунд (Германия) — "Штурм" (Аустрия);
01:00. "Лилль" (Франция) — "Ювентус" (Италия);
01:00. "Ливерпуль" (Англия) — "Байер" (Германия);
01:00. "Реал" (Испания) — "Милан" (Италия);
01:00. "Спортинг" (Португалия) — "Манчестер Сити" (Англия).

8 турдан кейін 36 команда ішінен үздіктер іріктелетін болады. 8 команда (1-8 орындар) бірден плей-оффқа жолдама алады. 9-24 орында қалған командалар өзара өтпелі матч өткізіп, бір жолдамаға таласады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport