Футбол
Бүгін 09:31

Бүгін Чемпиондар лигасында "Реал" - "Интер" матчі өтеді: ойынға трансляция

©mrogowski_photography/depositphotos.com

Бүгін, 9 қыркүйекке қараған түні Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің 1-туры аясында мадридтік "Реал" өз алаңында миландық "Интермен" ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Реал" - "Интер" матчын қайдан және қашан көруге болады?

Мадридтіктер Еуропаның басты клубтық турниріндегі жаңа маусымды жарыс тарихында титулды ең көп иеленген команда мәртебесінде бастайды. Испаниялық алпауыт Чемпиондар лигасының кубогін 15 рет жеңіп алған.

Ал "Интер" бұл трофейді үш рет алған екен.

Мадридтегі кездесу Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады. Матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ трансляцияны телеарнаның ресми сайтынан тамашалауға болады.

ФНК ұсынған статистикалық деректер

Командалар бұған дейін өзара 17 матч өткізген. Бұл кездесулерде "Реалдың" басымдығы бар: тоғыз жеңіс, жеті жеңіліс және бір тең ойын;
Командалардың соңғы кездесуі 2021 жылдың желтоқсанында Мадридте өтіп, алаң иелерінің 2:0 есебімен жеңісімен аяқталған;
"Интер" "Реалға" қарсы соңғы үш матчта жалпы есеппен 0:5 есебімен жеңілді;
"Реал" "Интерді" қатарынан төрт рет жеңген;
"Интердің" "Реалға" қарсы соңғы жеңісі 1998 жылдың қарашасында тіркелген;
"Интер" Мадридте "Реалға" қарсы өткізген соңғы алты матчтың барлығында жеңілген.

Командалардың Чемпиондар лигасындағы келесі матчтары

Екінші турда "Реал" сырт алаңда италиялық "Ромаға" қарсы ойнайды. Кездесу 15 қазанға қараған түні өтеді.

Ал "Интер" бір күн бұрын өз алаңында бельгиялық "Брюггемен" ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport