"Бүгін біз тарихты жаздық". Игита 7:0 есебімен жеткен жеңіс жайлы

24 қыркүйек 2021 10:00
©ҚФФ

Футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашысы Игита команданың әлем чемпионатының ширек финалына шаққанынына қатысты пікір білдірді. Qazsport арнасына берген сұхбатында ол голдарды жауапсыз салғандарына ерекше қуанатынын жеткізді. 

"Бүгін тарихты жаздық. Футзал әлемінің тарихын. Ұтқанымызға әрине қуанамын. Жауапсыз голдармен ұту қақпашы, қорғаныс үшін қуанышты. Енді ілгерлей береміз. Бұл жеңіс бізге күш береді. Біз әлемнің ең мықты сегіз командасының қатарындамыз. Бәріне рахмет", - дейді Игита. 

Еске салайық, 1/8 финалда Қазақстан командасы Тайландты 7:0 есебімен ұтты. 1/4 финалда Қазақстан құрамасы Өзбекстан - Иран жұбының жеңімпазымен ойнайды. Бұл матч 24 қыркүйекте өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар