| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 11:12
 

Бүгін Бразилия ӘЧ-2026-ның 1/8 кезеңіне жолдама үшін ойнайды

  Пікірлер

blog.share

Бүгін Бразилия ӘЧ-2026-ның 1/8 кезеңіне жолдама үшін ойнайды ©x.com/CBF_Futebol

29 маусымда 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалы аясында Бразилия мен Жапония құрамалары кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

29 маусымда 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалы аясында Бразилия мен Жапония құрамалары кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.

Матч АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтеді және Астана уақытымен 22:00-де басталады. Кездесуге италиялық төреші Маурицио Мариани қазылық етеді.

Ойын Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ, трансляция арнаның ресми сайтында да қолжетімді болады.

Бразилия мен Жапония топтық кезеңді жеңіліссіз аяқтады. Алайда Карло Анчелотти шәкірттері өз тобында бірінші орынмен плей-оффқа шықса, Хадзимэ Мориясу баптайтын Жапония құрамасы келесі кезеңге екінші орынмен жолдама алды.

Еске салайық, плей-оффтың алғашқы матчында Канада құрамасы Оңтүстік Африканы 1:0 есебімен ұтты. Жеңіс голын Стефан Эуштакиу қосымша уақыттың 90+2-минутында соқты.
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!