| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 19:20
 

Бүгін "Астана" Конференция лигасында қарымта ойынын өткізеді: трансляцияға сілтеме

  Пікірлер

blog.share

Бүгін "Астана" Конференция лигасында қарымта ойынын өткізеді: трансляцияға сілтеме ©"Астана" ФК

Бүгін, 16 шілдеде "Астана" 2026/27 жылғы Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчта Албанияның "Динамо Сити" клубымен өз алаңында ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бүгін, 16 шілдеде "Астана" 2026/27 жылғы Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчта Албанияның "Динамо Сити" клубымен өз алаңында ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Астанада өтіп, Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады. Матчты Qazaqstan телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ трансляция арнаның ресми сайтында да қолжетімді болады.

Алғашқы кездесуде "Астана" сырт алаңда 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Матчтағы жалғыз голды 69-минутта Рамазан Кәрімов соқты.

Еске салайық, бұл жұптағы жеңілген команда еурокубоктармен қош айтысады. Ал жеңімпаз Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алады.

Айта кетейік, Қазақстанның тағы бір командасы "Қайрат" Черногорияның "Сутьеска" клубын ұтып, Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне өткен болатын.
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!