Бүгін "Астана" Еуропа лигасындағы шешуші матчті өткізеді

12 желтоқсан 2019 17:51
© "Астана" ФК
Бүгін, 13 желтоқсанға қараған түні "Астана" футболшылары Еуропа лигасы топтық кезеңінің қорытынды матчін өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Роман Григорчук жаттықтыратын команда сырт алаңда сербиялық "Партизанмен" ойнайды. Ойынның басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 02:00. Кездесуді тікелей эфирде QazSport арнасынан тамашалауға болады. 

Айта кетейік, "Астана" мен "Партизан" да плей-офф кезеңге өте алмайды. Жарысты ары қарай "Манчестер Юнайтед" пен "АЗ Алкмар" жалғастырады. Ал бұл кездесу топтың ең осал командасын анықтайды. Әзірге астаналық клуб үш ұпаймен төртінші келеді, сербиялықтар бес баллмен бір саты жоғары тұр.