Футбол
Кеше 09:28

Бүгін ӘЧ-2026-ның ширек финалында Франция мен Марокко ойнайды

©x.com/equipedefrance

Бүгін, 10 шілдеге қараған түні 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында алғашқы ширек финалдық матч өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл кездесуде Франция құрамасы Мароккомен ойнайды.

Матч АҚШ-тың Фоксборо қаласындағы "Gillette Stadium" аренасында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де басталады.

Бұл жұптың жеңімпазы жартылай финалда Испания мен Бельгия арасындағы кездесудің үздігімен ойнайды.

Плей-офф кезеңінде Франция құрамасы алдымен Швецияны 3:0 есебімен, кейін Парагвайды 1:0 есебімен ұтқан болатын.

Ал Марокко құрамасы Нидерландты негізгі және қосымша уақыттағы 1:1 есебінен кейін пенальти сериясында 3:2 есебімен ұтып, кейін Канаданы 3:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Франция мен Марокко құрамалары 2022 жылғы Катардағы әлем чемпионатының жартылай финалында да кездескен болатын. Ол кезде франциялықтар 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусымнан бері АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің финалы 19 шілдеде болады.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport