"Бұған сене алмадым". Әйгілі футболшы "Манчестер Юнайтедте" жағымсыз иіс үшін ойнамай қойған

Сурет: Alexander Hassenstein, imago-images.de
"Манчестер Юнайтедтің" бұрығы қорғаушысы Рио Фердинанд голландиялық Арьен Роббен бір кездері англиялық клубқа неге қосылмағанын айтып берді.

"Недеген ойыншы! Роббен тамаша еді. "Манчестер Юнайтедпен" келісімшартқа отыру керек болатын. Жаттығу базамызға келген. Арьен бәр жерді аралап шықты да, иісті жақтырмады. Осыдан кейін кетіп қалды да, "Челсиге" қосылды. Бұған сене алмадым. 

"Сол қапталдан алаң ортасына беттейтінін бәрі білетін, бірақ, оны осы кезде ешкім тоқтата алмайтын", -деп келтіреді Фердинандтың сөзін Daily Mail.

Роббен "Челсиге" 2004 жылы голландиялық ПСВ сапынан 18 миллион еуроға өткен болатын. Кейін "Реал", мюнхендік "Бавария" сапында өнер көрсеткен және германиялық клубпен Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған. Сонымен қоса, ол бірден төрт ел - Нидерланды, Англия, Испания және Германия чемпионатының жеңімпазы.