Буффон "Ювентуске" оралатын болды

© mir24.tv
"Пари Сен-Жермен" және Италия құрамасының бұрынғы қақпашысы Джанлуиджи Буффон туриндік "Ювентуске" оралады. Бұл туралы италиялық журналист Джанлуки Ди Марцио хабарлады.

Ақпарат бойынша, екі жақты келіссөз оңды өтуде. Буффон командада Войцех Шченсныйдың дублеры болуға келісті.

Sky Sport Italia инсайдері Фабрицио Романо ақпаратты растап, голкипер бір жылдға келісімшарт жасағанын айта кетті. "Ювентус" Буффонды тегін алады, өйткені оның ПСЖ-мен келісімшарты 30 маусымда аяқталады.

Буффонның "Ювентуске" оралатындықтан клубтан басқа голкипер Маттиа Перин кетеді, ол командада бір ғана маусым ойнады. Ди Марцио ақпаратынша, оған "Рома" мен "Севилья" қызығушылық білдірген.

"Барселона" Буффонды қақпашы етіп алуы мүмкін

Еске салайық, 41 жастаы Буффон ПСЖ-ға еркін агент құқығымен туриндік "Ювентустан" барған еді. Биыл жазға дейін есептелген келісімшартты тағы бір жылға созу мүмкіндігі болған, алайда, тараптар мұндайға бармады.

Аяғына жеткен маусымда Буффон клубтық деңгейде 25 матч өткізді. Қақпашының пассивінде 25 гол. ПСЖ-мен ол Франция чемпионы атанған болатын. Ал "Ювентуске" дейін голкипер "Пармада" ойнаған.
Жаңалықтар