Бірінші лигаға түсіп қалған "Жетісу" бас бапкерді ауыстырмақ

©"Жетісу" ФК

"Жетісу" футбол клубы бас бапкер Ринат Әлеуетовпен осы маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпайды. Бұл туралы "Тень отца Гурмана" телеграм арнасы хабарлап отыр. 

Бірінші лигада команданы Қайрат Айманов жаттықтыратынға ұқсайды, қазір ол талдықорғандықтар штабында физикалық дайындық бойынша бапкер. 

Еске салайық, "Жетісу" 2021 жылғы ҚПЛ-де соңғы болып, бірінші лигаға түсіп қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport