Бірінші қарсылас әлем чемпионы. Қазақстан құрамасының ӘЧ-2022 іріктеу кезеңіндегі кестесі анықталды

9 желтоқсан 2020 12:14

Футболдан Қазақстан құрамасының әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі алғашқы қарсыласы кім болатыны анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстанға D тобының бірінші туры аясында қазіргі әлем чемпионы Франция келеді. Матч 2021 жылдың 28 наурызында өтеді. Сондай-ақ, Қазақстан Франциямен соңғы турда сырт алаңда кездеседі.   

 

Қазақстан құрамасының іріктеу кезеңіндегі кестесі:

28.03.2021 Қазақстан - Франция
31.03.2021 Украина - Қазақстан
01.09.2021 Қазақстан- Украина
04.09.2021 Финляндия - Қазақстан
07.09.2021 Босния және Герцеговина - Қазақстан
09.10.2021 Қазақстан- Босния және Герцеговина
12.10.2021 Қазақстан- Финляндия
13.11.2021 Франция - Қазақстан

Еске салайық, Катардағы әлем чемпионаты 2022 жылы 21 қараша мен 18 желтоқсан арасында өтеді. 

Турнирге тікелей жолдаманы топ жеңімпаздары еншілейді. Топтық кезеңде екінші орын алған құрамалар мен 2020/2021 жылғы маусымдағы Ұлттар лигасының екі үздік командасы өзара тағы үш жолдаманы сарапқа салады.  

Жаңалықтар