"Бірдеңе айту қиын". Қазақстан қақпасына гол салған футболшы тең ойын туралы

Сурет: Украинаның футбол қауымдастығы

Футболдан Укриана құрамасының шабуылшысы Роман Яремчук 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеудегі Қазақстанмен тең ойынға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

- Жақсы сәттер көп болды, бірақ, іске асыра алмадық. Қазақстан қорғаныстан ойнайтынын білдік. Қапталдағы ойынды күшейту керек еді. Шевченко іске асыру жағына басымдық берді. Бұл туралы матч алдында-ақ білген. Бүгін ол жағынан жолымыз болмады. Бірдеңе айту қиын. Осы нәтиже үшін жауаптымыз. Меніңше, әр футболшы ойланып, сараптама жасап, жерге түсу қажет. Тартыс әлі біткен жоқ деп ойлаймын. Келесі матчтерде жағдайды түзеуге тиіспіз", - деп береді Яремчуктің сөзін УЕФА сайты. 

Еске салайық, Киевте өткен мат 1:1 есебімен аяқталды. Яремчук гол авторы болды.