"Бірден айтқанмын - ол "Зениттің" деңгейіндегі футболшы емес!". Агент Әліптің ойыны туралы

©ҚФФ

Танымал ресейлік футбол агенті Алексей Сафонов Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында Нұралы Әліптің "Зениттегі" жағдайы туралы айтып берді. 

Әліп қазіргі уақытта "Зенит" сапында алаңға өте сирек шығып жүр. Сафоновтың айтуынша, қазақстандық қорғаушы әу баста ресейлік команданың деңгейіндегі ойыншы болмаған. 

"Мен бірден айтқанмын - Әліп "Зениттің" деңгейіндегі футболшы емес. Маған көпшілік ренжіді. Бірақ, уақыт менің дұрыс екенімді дәлелдеді. Ол әлі жас. Мұндай жас кезінде оның көп ойнап, тәжірибе жинағаны дұрыс. Оның үстіне Нұралы құрамасында ойнайды. "Зенитте" ол тұншығып қалды. Егер ол шынымен көп табысқа жеткісі келсе, әр ойында 10-15 минут ойнау аз. Әр футболшының деңгейі болады. Бірақ, ол қазір "Зениттің" деңгейінде емес. Дегенмен ол РПЛ-де ойнай алады. Мысалы, "Урал" немесе "Оренбург" секілді командаларда. Алайда Әліптің өзі мұндай командаға ауысқысы келе ме?, - деді Сафонов. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport