Бірден 10-12 футболшыны. Қазақстандық клубтар қажетсіз ойыншылардан арылмақ

22 қыркүйек 2020 11:09
Қостанайлық "Тобыл" маусым аяқталғанда бірден бірнеше футболшымен қош айтыспақ. Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет өзінің телеграм арнасында хабарлады. 

Ақпарат бойынша, қостанайлық клуб қажет емес футболшылардың тізімін жасап қойған екен. Онда грузиялық жартылай қорғаушылар Джаба Канкава және Ника Квеквескири бар. Олардың орнына "Тобыл" жас және жылдамырақ ойыншылар алмақ. 

Мұның алдында "Астана" да еурокубоктардағы сәтсіз ойыннан кейін қатарын тазартуға ниетті екені белгілі болған. Осылайша, астаналық клуб маусым соңында қоштасатын бірден 10-12 футболшының тізімін жасаған. 

"Тобыл" сегіз тур қорытындысы бойынша 13 ұпаймен турнир кестесінде алтыншы келеді. Екінші орындағы "Астана" (15) бірінші келе жатқан "Қайраттан" тоғыз ұпай кем жинады.
Жаңалықтар