Бірде-бір ойын өткізбеген Ресей құрамасы ФИФА рейтингінде жоғарылады

©championat

Ресей құрамасы ФИФА рейтингінде бір саты жоғарылады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ресей мен Украинадағы жағдайға байланысты Халықаралық футбол қауымдастығы Ресей құрамасын ресми ойындардан шеттеткен еді. Соған қарамастан Валерий Карпин баптайтын команда 36-орыннан 35-орынға көтерілді.

Биылдыққа ешқандай матч өткізбеген Ресей командасының рейтингте жоғары көтерілуіне басты себеп Мысыр құрамасының бірнеше ойында ұтылуында болып отыр. Команда сапында Мұхаммед Салах ойнайтын мысырлықтар 8 саты төмендеген. Осының арқасында Ресей құрамасы бір саты жоғарылап отыр.

Әдеттегідей Бразилия рейтингте көш бастап тұрса, Бельгия екінші орында. Ал Францияны төртінші орынға ығыстырған Аргентина командасы үшінші орынға көтерілді.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport