Бірде-бір доп өткізбеген Дания 27 голмен әлем чемпионатына мерзімінен бұрын өтті

©eurosport

Футбодан Дания құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінде Аустрияны ұтты. 

F тобындағы кездесу Копенгагенде өтіп, 1:0 есебімен аяқталды. 53-ші минутта жалғыз голды Йоаким Меле салды.

Топтағы өзге ойында Израиль командасы Молдавияны ұтты - 2:1, ал Фарер аралдарының құрамасы Шотландияға есе жіберді - 0:1.

Дания 24 ұпаймен Катарда өтетін әлем біріншілігіне жолдаманы мерзімінен бұрын жеңіп алды. Команда 27 гол салып, өз қақпасына бірде-бір доп кіргізбеген. Топта екінші Шотландия (17). Одан кейін Израиль (13), Аустрия (10), Фарер аралдары (3) және Молдавия (1).

Айта кетейік, Дания мундиальға мерзімінен бұрын жолдама алған екінші команда. Кеше Германия да осылай іріктелген еді.

Сонымен бірге, Катардың өз құрамасы да әлем чемпионатына кепілді түрде қатысады - ұйымдастырушы ел құқығында. Турнир 2022 жылы 21 қазан мен 12 желтоқсан аралығы өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport