| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 08:03
 

Бразилияның ӘЧ-2026-ның плей-офф кезеңндегі қарсыласы анықталды

  Пікірлер

blog.share

Бразилияның ӘЧ-2026-ның плей-офф кезеңндегі қарсыласы анықталды ©depositphotos.com/delmiro@gmail.com

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Бразилия құрамасының қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Бразилия құрамасының қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Плей-оффтың алғашқы кезеңінде бес дүркін әлем чемпиондары Жапония құрамасымен кездеседі. Жапониялықтар F тобында екінші орын алды.

Жапония топтық кезеңнің соңғы турында Швециямен 1:1 есебімен тең ойнап, өзіне плей-офф жолдамасын қамтамасыз етті. Команда үш матчта бес ұпай жинап, топта Нидерландтан кейін екінші орынға тұрақтады.

Еске салайық, Бразилия құрамасы да топтық кезеңнің соңғы турында Шотландияны 3:0 есебімен ұтып, С тобында бірінші орынмен плей-оффқа өткен болатын.

Бразилия мен Жапония арасындағы 1/16 финал матчы 29 маусым күні АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!