Бразилияның 2026 жылғы ӘЧ-ге іріктеу мачті сенсациямен бітті

© Әлеуметтік желіден

Бразилия құрамасы 2026 жылғы ӘЧ-ге іріктеудің үшінші турындағы матчін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бразилияның Куяба қаласында өткен Венесуэла құрамасымен кездесу күтпеген есеппен аяқталды - 1:1. 50-минутта Неймардың пасынан Габриэл Магальянс есеп ашты. Алайда 85-минутта Эдуард Бельо есепті теңестіре алды.

Айта кетейік, бразтилиялықтар бұған дейінгі екі матчте де ұтқан - 5:1 есебі Боливиямен және 1:0 Перумен ойында.

Бразилия жеті ұпаймен іріктеуде екінші келеді. Көш басында тоғыз баллмен Аргентина. Ал Венесуэла төрт ұпай жинап, он команда арасында алтыншы келеді.

 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport