Бразилиялық Зеедорф қазақстандық командаға ауысты

©gazetaesportiva.com

Шымкенттік "Ордабасы" командасының жаңа маусым алдындағы бірінші жаңа ойыншысы бразилиялық жартылай қорғаушы Виктор Кристиан Брага болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Өз отанында Зеедорф атанып кеткен 20 жастағы Брага "Сантос" командасының тәлімгері. Ол расында Нидерланды құрамасының намысын қорғаған Кларенс Зеедорфқа қатты ұқстайды. Виктор тіреуіш жартылай қорғаушы позициясында ойнайды. 

"Ордабасыға" ауысарға дейін ол тек бразилиялық командаларда ойнаған. Тарқатып айтсақ, "Санта-Круз" және "Сантос" пен Лондрина" командасының жастар құрамында өнер көрсеткен. 

Еске салайық, футболдан Қазақстанның жаңа маусымы ертең, 5 наурыз басталады. "Ордабасы" бірінші турда өз алаңында "Мақтааралды" қабылдайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport