Футбол
23 қараша 2020 12:57

Бразилиялық шабуылшы қазақстандық қорғаушымен соқтығысып есінен танып қалды

Сурет: ЦСКА ФК

"Сочи" шабуылшысы Жоаозинью ойын кезінде ЦСКА қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновпен соқтығысып есінен танып қалды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Футболшылар допқа таласып жатқан, кенет бразилиялық газонға құлап, есінен танып қалды. Алаңға клубтың медициналық қызметі жүгіріп шығып, ойыншыны алып кетті. Дегенмен,  Жоаозиньо 1:1 есебімен аяқталған матчті толықтай ойнап шықты. 

Еске салайық, 22 жастағы Зайнутдинов ЦСКА сапында тамыздан бері ойнап келеді. Оған дейін футболшы "Ростов" сапында болған.