Марио Фернандес Ресей құрамасындағы карьерасын аяқтады. ЦСКА клубының қорғаушысы осылайша ұлттық командада ойнамайды.
"Уақыт өткен сайын ұлттық құрама мен клубта қатар өнер көрсету қиындап барады. Өкінішке қарай, жарақаттар да кері әсерін тигізіп жатыр. Бұдан былай өзіме жақын болып кеткен командама көбірек көңіл бөлгім келеді. Мен үшін құраманың жейдесін кию, ұлттық құрама намысын қорғау – үлкен абырой болды. Басты командамен өткізген әрбір сәтті ұмытпаймын", - дейді Фернандес РФО баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Еске салайық, шыққан тегі бразилиялық Марио Фернандес 2017 жылдан бастап Ресей құрамасының сапында 33 ресми кездесуде алаңға шығып, 5 гол соққан. 2018 жылғы әлем чемпионатында Ресей командасымен бірге ширек финалға дейін жетті.