Футбол
Бүгін 18:36

Бразилиялық легионер "Ақтөбеден" екі ай болмай кетіп қалды

©"Ақтөбе" ФК

Бразилиялық жартылай қорғаушы Жоао Витор Гауденсио Нуньес "Ақтөбе" клубынан кетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, тараптар келісімшартты өзара келісім бойынша бұзған.

23 жастағы хавбек "қызыл-алалар" сапына сәуір айының басында қосылған еді. Гауденсио "Пассо Фундо" клубының түлегі саналады. Ол бұған дейін Бразилияның "Конкордия" командасында және Жапонияның "Кагосима Юнайтед" клубында өнер көрсеткен.

Қазіргі уақытта "Ақтөбе" Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде 11 матчтан кейін 15 ұпай жинап, жетінші орында тұр.

Ел чемпионатындағы келесі ойынын "қызыл-алалар" 28 мамыр күні сырт алаңда "Оқжетпеске" қарсы өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 15:00-де басталады.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport