Футбол
27 қаңтар 2022 19:33
 

Бразилиялық қорғаушы Қазақстан құрамасының намысын қорғауға қарсы емес екенін мәлімдеді

  Пікірлер

blog.share

Бразилиялық қорғаушы Қазақстан құрамасының намысын қорғауға қарсы емес екенін мәлімдеді ©"Астана" ФК

Елордалық "Астана" командасының қорғаушысы Брайан Сильва алдағы уақытта Қазақстан құрамасының намысын қорғауға қарсы емес екенін айтты. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды. 

blog.share

Елордалық "Астана" командасының қорғаушысы Брайан Сильва алдағы уақытта Қазақстан құрамасының намысын қорғауға қарсы емес екенін айтты. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды. 

30 жастағы қорғаушы жаңа маусым алдында елордалық клубқа ауысты. Осы орайда ол арнайы сұқбат беріп, алдағы жоспары мен Қазақстан құрамасы сапында ойнау жайлы айтып берді. 

"Қазақстанға алғаш келіп, "Атыраумен" келісімшарт жасаған сәттен кейін мықты клубқа ауысу туралы ойландым. Ал "Астана" командасы болса Қазақстандағы ең үздік клубтардың бірі екені анық. Мен ұсынысты бірден қабылдап, ауысуға келісім бердім. 

Бірінші кезекте мен өз-өзіммен шынайы болуым керек. Қазір мен Бразилия құрамасына шақырту ала алмаймын. Бірақ Қазақстан намысын қуана қорғайтын едім", - деді Сильва. 

Еске салайық, өткен маусымда қорғаушы "Атырау" сапында Қазақстан чемпионатында 29 кездесу өткізіп, бес гол соқты. Маусымның көп бөлігін ол қорғаушы ретінде өткізді. Бірақ ара-тұра жартылай қорғаушы және шабуылшы міндетін де атқарды.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!