Бразилияның "Сантос" клубы аңыз шабуылшы Пеленің өлімінен кейін оныншы нөмірлі футболканы қолданыстан шығармайды, деп хабарлайды UOL клуб президенті Андрес Руэдаға сілтеме жасап.
Клуб басшылығы нөмірді Пеленің өзінің сұрауы бойынша қолданыста қалдыру туралы шешімге келді. Футбол патшасы бұл өтінішін 2017 жылы сұхбаттарының бірінде айтқан екен.
Еске салайық, 2022 жылдың 29 желтоқсанында 82 жастағы Пеле көз жұмған болатын.