Бразилия соты есірткі қолданған футболшыны екі жылға шеттетті

© football24.ua
Бразилиялық "Сан-Паулу" клубының уругвайлық шабуылшысы Гонсало Карнейроны елдің допингке қарсы спорттық соты кокаин қолданғаны үшін 24 айға шеттеді, - деп хабарлайды "Р-Спорт" сайты Globo Esporte басылымына сілтеме жасап. 

Қанынан кокаин метоболиті табылған футболшыны шеттеу 2019 жылдың 16 наурызынан бастап, сынама алынған күннен есептеледі. Спортшының қорғаушылары аппеляцияға бермек.

Карнейро "Сан-Паулу" сапына 2018 жылы уругвайлық "Дефенсор Спортинг" клубынан өткен еді.
Жаңалықтар