Бразилия шабуылшысы әлем чемпионатында құрамасына көмектесе алмайды

3 желтоқсан 2022 19:45
©FIFA World Cup

Бразилия құрамасы мен Лондонның "Арсенал" командасының шабуылшысы Габриэл Жезус Қатардағы әлем чемпионатының қалған ойындарына қатыса алмайды. Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо хабарлады. 

25 жастағы Жезус топтық кезеңнің үшінші кездесуінде Камерун құрамасына қарсы кездесуде жарақат алып қалды. Шабуылшының бұл жарақаты ауыр екен. Осылайша, ол енді қалған матчтерге қатыса алмайды. 

Сонымен қатар, инсайдер Бразилия құрамасының қорғаушысы Алек Теллестің де жарақаты бар екенін айтты. Ол үшін де Қатардағы әлем чемпионаты аяқталды. 

Айта кетейік, Габриэл Бразилия құрамасында 59 кездесуге қатысып, 19 гол соққан. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport