Футбол
6 маусым 2024 09:59

Бразилия құрамасының ойыншысы футболдан мүлде қуылуы мүмкін

© Global Look Press

Бразилия ұлттық құрамасы мен "Вест Хэм" командасының жартылай қорғаушысы Лукас Пакета өмір бойына спорттан шеттетілуі мүмкін. Ол сыбайластары арқылы бәс тікті деген күдікке іліккен. 

Англия футбол ассоциациясы (FA) істі нақтылап, кінәлі екені дәлелденсе, өмір бойына футболдан шеттету жазасын қолданбақ. Пакета ойындарда бәсі шығу үшін сары қағаз алған деп айыпталуда. Оның ескерту алатынына 60-қа жуық адам бәс тіккен екен. 

Лукас Пакета "Вест Хэм" сапындағы қымбат футболшылардың бірі. Оны жазда "Манчестер Сити" командасы сатып алғысы келген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport