Футбол
18 тамыз 2020 16:43

Бразилия құрамасының экс форварды "Қайраттың" бүгінгі ойынына қатысады

Сурет: "Қайрат" ФК
Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Вагнер Лав "Қайраттың" ақтаулық "Каспиймен" ойынына қатысады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Алматылық команданың 36 жастағы ойыншысы кездесуді қосалқы ойыншылар құрамынан бастайды. Айта кетейік, матч Қазақстан құрамасының базасында өтеді, басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 17:00.

"Қайрат" Лавпен келісімшартқа қол қойғаны туралы 8 шілдеде хабарлаған. Ал ойыншының өзі трансфер туралы 23 маусымда айтқан болатын.