Бразилия құрамасының 17 жастағы таланты Месси мен Роналду арасында таңдау жасады

©instagram.com/endrick/

Бразилия құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Эндрик аргентиналық Лионель Месси мен португалиялық Криштиану Роналду арасында таңдау жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Месси ол феномен. Ол өте мықты, қайтадан әлемдегі ең үздік атанды. Оған қарсы ойыннан ләззәт алғым келеді, оны өз көзіммен көруден. Бұрын оны тек видео ойындардан ғана көретінмін. Месси - ұлы ойыншы, бірақ мен Криштиану Роналдудың жанкүйерімін", - деп береді Эндриктің сөзін Goal.

Еске салайық, "Реал" 16 жастағы шабуылшы Эндрик үшін былтыр желтоқсанда 35+25 миллион еуро төлеген. Бұл 18 жасқа дейінгілер арасындағы ең қымбат трансфер болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар