Бразилия құрамасында биіктен түскен допты ең жақсы қабылдайтын Неймар екен

©CNN

Бразилия құрамасы Катардағы әлем чемпионатына дайындығын жалғастыруда, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Жаттығулардың бірі ерекше форматта өтті.

Атап айтқанда 35 метр биікте тұрған допты қабылдап алу жаттығуында ПСЖ шабуылшысы Неймар өзгелерден үздік шықты.

Ол бразилиялықтардың сапында аталмыш биіктен допты дұрыс қабылдаған жалғыз ойыншы атанды. Одан кейін жақсы нәтиже тіркегендер арасында Ришарлисон болды. "Тоттенхэм" форварды 30 метр биіктен допты сәтті қабылдады.

Еске салайық, әлемнің 5 дүркін чемпионы атағы бар Бразилия командасы Катардағы футбол тойында Сербия, Швейцария және Камерун командаларымен G тобында кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport