Бразилия құрамасы үш гол салған ойын 0:0 есебімен аяқталды

© Reuters
Футболдан Бразилия құрамасы 2019 жылғы Америка Кубогында өз алаңында Вэнесуеламен тең ойнады.

A тобындағы кездесу Салвадорда өтіп, 0:0 есебімен аяқталды. Айта кетерлігі төреші бразилиялықтар салған үш голдың бірін де есептемеді, оның екеуі видео жүйесін (VAR) қайталап көру арқылы офсайдтан салынғаны анықталды.

Қатар өткен матчте Перу құрамасы Боливияны 3:1 есебімен жеңді. Жеңімпаздар сапынан Хосе Паоло Герреро (45-ші минут), мәскеулік "Локомотив" форварды Джефферсон Фарфан (55-ші) және Эдисон Флорес (90+6) салды. Ұтылған команада Марсело Морено пенальтиден гол соқты (28-ші).



Бразилия мен Перу құрамалары екі тур қорытындысы бойынша төрт ұпайдан жинады. Венесуэла есебінде екі балл, ал Боливия екі кездесуінде де ұтылды.
Жаңалықтар