Бразилия құрамасы испаниялық маман Пеп Гвардиоланы бас бапкер етіп тағайындауы мүмкін. Бұл туралы Marca басылымы хабарлады.
Бразилия футбол федерациясының (CBF) басшылары "Манчестер Ситидің" бас бапкерін 2022 жылғы Катардағы әлем чемпионатынан кейін шақырмақ. Осы кезде құраманың қазіргі бас бапкері Тете қызметінен кетеді.
Федерация басшылары Пеп Гвардиоланың өзімен және агентімен келіссөз өткізіп үлгерген.
Гвардиолаға 2026 жылғы әлем чемпионатының соңына дейін келісімшарт ұсынылады. Оның жалақысы жылына 12 миллион еуро болады. Осы ұсыныстардан кейін федерация басшылары Гвардиола келісім береді деп сеніп отыр.