Бразилия құрамасы Катардағы ӘЧ-да Неймар үшін "күтуші" жалдайды

©Андрей Голованов және Сергей Киврин

Бразилия құрамасының бас бапкері Тите Катардағы әлем чемпимонатында Неймар үшін арнайы "күтуші" жалдамақ. ПСЖ шабуылшысын бақылауда ұстау мақсатында бапкерлік штаб 39 жастағы Дани Алвесті арнайы командаға шақырған.

Тите осыған дейін киім ауыстыру бөлмесіндегі атмосфераның жақсы болуы үшін Дани Алвесті құрамаға тарту керектігін айтқан. Неймардың тәртібіне, мінезіне оның бұрынғы клубтасы жауап бере алады. Себебі 2013 жылы Неймардың "Сантостан" "Барселонаға" ауысуына тікелей Алвестің ықпалы болған.

2018 жылы Алвес жарақат алып, Ресейдегі футбол тойына бара алмаған еді. Ал Неймар болса ойына келгенін істеп, әр матчта симуляциямен көзге түскен болатын. Осы жағдайды болдырмас үшін Дани Алвес 30 жастағы ПСЖ ойыншысына тікелей жауапты болады.

Еске салайық, Катардағы әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығы өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport