Бразилия құрамасы әлем чемпионатының іріктеуінде Перуді ұтты

10 қыркүйек 2021 14:48
©fcbarcelonanoticias.com

Футболдан Бразилия құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Перу құрамасын жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Кездесу Сан-Лоренсу-да-Мата (Бразилия) қаласында өтіп, алаң қожайындары 2:0 есебімен ұтты. Ойындағы есепті 14-минутта Эвертон Рибейр ашса, 40-минутта Неймар екінші голды соқты. 

Осылайша, Бразилия құрамасы қатарынан сегізінші жеңісіне жетіп, өз тобында көш басында келеді. Екінші орында Аргентина құрамасы тұр. Аргентина кеше Лионель Мессидің хэт-тригінің арқасында Боливия құрамасын ұтты. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: