Бразилия құрамасы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шықты

©rediff.com

Футболдан Бразилия құрамасы 2022 жылы Катар елінде өтетін әлем чемпионатына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Әлем чемпионаты іріктеу кешенінде Бразилия құрамасы Колумбиямен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл ойынға жалғыз голды екінші таймда Неймардың пасынан Лукас Пакета соқты. 

Осылайша, Бразилия 12 ойыннан кейін 34 ұпай жинап, Оңтүстік Америка құрлығының іріктеуінде бірінші болып ӘЧ-нің финалдық кезеңіне жолдама алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар